Квентин Тарантино 63 жасында үшінші рет әке атанды

Тағы да ұл: Квентин Тарантино 63 жасында үшінші рет әке атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 12:58 Сурет: Instagram/daniellapick
Америкалық режиссер Квентин Тарантино мен оның жұбайы Даниэлла Пик үшінші рет ата-ана атанды. 63 жастағы режиссер мен 43 жастағы жарының ұл баласы дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

People басылымының мәліметінше, ерлі-зайыптылардың бұған дейін Лео есімді алты жастағы ұлы мен Адриана есімді төрт жастағы қызы бар.

Квентин Тарантино Даниэлламен 2009 жылы Израильде, фильмдерінің бірін таныстыру кезінде танысқан. Бірнеше жылдан кейін жұп екі жаққа кеткенімен, 2016 жылы қайта табысты. 2017 жылдың жазында олар үйленуге шешім қабылдағанын жариялап, 2018 жылдың қарашасында Лос-Анджелестегі үйлерінде жабық салтанатпен шаңырақ көтерді.

Олардың тұңғышы 2020 жылдың ақпанында, ал қызы 2022 жылдың шілдесінде дүниеге келген. Енді отбасы тағы бір ұл баламен толықты.

Тарантино "Қылмыстық оқу", "Биллді өлтіру", "Бесславные ублюдки", "Джанго азат етілді" және "Бір кездері Голливудта" фильмдері арқылы танымал.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: