Мейрамбек Беспаев 47 жасында үшінші мәрте әке атанды

Мейрамбек Беспаев 47 жасында үшінші мәрте әке атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 14:36 Сурет: Instagram/m_besbaev
"МузАрт" тобының негізін қалаушы және солисті Мейрамбек Беспаевтың отбасында дүбірлі той. Бүгін, 2024 жылдың 23 қыркүйегінде әншінің үшінші рет әке атанғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақжолтай хабармен танымал әнші Сәкен Майғазиев сүйінші сұрап, бөлісті.

Ол жазбада Мейрамбек пен Мархабаттың тағы бір мәрте ата-ана атанғанын нақтылады.

Бұл туралы жас ананың өзі де мәлімдеді.

Сурет: Instagram/stories/marhabat.besbaeva

Ол оқырмандарына жұлдызды отбасында кім дүниеге келгенін табуды ұсынды: ұл немесе қыз.

Бұған дейін танымал әншінің жұбайы араға тоғыз жыл салып, құрсақ көтергенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: