Жаңалықтар тізбегі
0

"Жансақтау бөліміне жатқызды": Мейрамбек Беспаевтың жұбайы үшінші босануы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді

"Жансақтау бөліміне жатқызды": Мейрамбек Беспаевтың жұбайы үшінші босануы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 16:48 Сурет: Instagram/m_besbaev
2024 жылдың 26 қыркүйегінде танымал әнші, "МузАрт" тобының негізін қалаушы және солисті Мейрамбек Беспаевтың әйелі - Мархабат Instagram желісінде оқырмандарының үшінші босануына қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мархабаттың айтуынша, нәрестеге есім әлі таңдалмаған.

"Есімін әлі қоймадық. Таңдаудамыз, әдемі есімдеріңіз болса жіберіңіздер",- деп жазды ол stories-те.

Ол сондай-ақ екі үлкен баласын өзі босанғанын, ал үшіншісінде медициналық көрсеткіштерге байланысты кесір тілігін жасауға тура келетінін айтты.

Беспаевтың әйелі атап өткендей, табиғи босану мен кесір тілігінің арасындағы айырмашылық – "жер мен көктей".

"Өзің босансаң, сол кезде ғана қиналасың. Келесі күні аттай шауып кетесің. Кесір тілігі болса, жансақтау бөлімінде жатасың. Келесі күндері де отырып, тұруың қиынға соғады. Бірақ әркім әрқалай бастан өткереді ғой ". Мархабат Беспаева

Оқырмандарының бірі жүкті бола алмай жүргенін айтып, Мархабаттан қай жерде емделгеннін сұрады.

"Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО жасатқан жоқпын. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы",-деп жазды ол.
"Жансақтау бөліміне жатқызды": Мейрамбек Беспаевтың жұбайы үшінші босануы жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2024 16:48

Сурет: Instagram/marhabat.besbaeva

23 қыркүйекте 47 жастағы Мейрамбек Беспаевтың үшінші мәрте әке атанғанын жазған едік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: