Ерке Есмахан ер адамнан қалай сыйлық алу керектігі жайлы құпиясымен бөлісті

Танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан оқырмандарының сұрақтарына жауап беретін Stories-тер желісін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онда әнші қазіргі басты назары жүктілігінде екенін, жақын арада саяхаттауды жоспарламағанын жазды.
"Бәрі жақсы болса, 40 күн бойы баламен үйде боламын", – деді әнші.
Сондай-ақ, ол гендерлік пати өткізбейтінін де атап өтті.
Ер адамды сыйлық жасауға қалай үйрету керек деген сұраққа Ерке "ер адамды үйретудің қажеті жоқ", деп нық айтты.
"Егер ол жақсы көрсе – бәрін өзі-ақ жасайды. Бастысы – назарды өзімізге қою керек",- деді ол.
Оқырмандары Еркенің ашықтығы мен шынайлығына тәнті болып, алғыстарын білдірді.
Бұған дейін Рим Папасының қазасы Димашты да бей-жай қалдырмағандығы жайлы жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript