Рим Папасының қазасы Димашты да бей-жай қалдыра алмады

Әлемге танылған Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы Ватиканнан тараған қаралы хабарды елеусіз қалдыра алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әнші понтификпен кезінде болған кездесуін еске алып, осы сәтте түсірілген суретін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Сурет сипаттамасына "RIP" деген қысқа сөз қалдырылыпты. Латынша қысқартылған бұл сөздің тікелей аудармасы "Жаның жай тапсың" деп келеді екен.
Айта кетсек, бүгін, 2025 жылдың 21 сәуірінде Рим папасы Франциск қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 88 жаста еді,
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript