Тоқаев: Бүгінгі кездесу түрлі бағыттағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді
Сурет: akorda.kz
Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды. Қазақстан Президенті мен Рим Папасы Франциск екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толды. Сіздің сапарыңыз осы мерейлі межеге тұспа-тұс келіп отыр. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Себебі бүгінгі кездесу түрлі бағыттағы ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтереді, - деді Мемлекет басшысы Рим Папасы Францискпен кездесуінде.
Сондай-ақ, Президент дәл қазір әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығып тұрғанын алға тартып, осындай кезеңдегі Рим Папасының сапары аса маңызды екендігін жеткізді.
Біз әлемдік өркениеттің қазіргі ахуалы, жаһандық саясаттың өзекті мәселелері және жалпы діннің мән-маңызы туралы сіздің пасторлық сөзіңізді тыңдауға ықыластымыз. Қасиетті Рим Папасы, осы мүмкіндікті пайдалана отырып сіздің бүкіл әлемдегі қызметіңізге жоғары баға бергім келеді. Сіз Қазақстанға адамзат тарихындағы айрықша кезеңде келіп отырсыз. Халықтар отбасы жар шетінде тұр деуге болады. Өйткені геосаяси шиеленіс артып, жаһандық экономика зардап шегіп жатыр және этникалық, діни төзімдер арасында толқын-толқынмен ушығып тұр. Бұл тіпті жаңа нормаға айналып барады. Сондықтан түрлі мәдениеттер мен діндердің салиқалы адамдары адамзатты ортақ данышпандықпен және энергиямен әріптестік пен өзара қолдау идеясына біріктіруі керек, - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript