Тоқаев Рим Папасының қазасына байланысты көңіл айтты

Рим Папасы, Қасым-Жомарт Тоқаев, көңіл айту, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2025 21:33 Сурет: picryl
Мемлекет басшысы Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 21 сәуірде Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Президенттің айтуынша, понтифик әділет пен мейірімнің, гуманизмнің ізгі мұраттарын ілгерілетуге өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті рухани тұлға еді.

"Мен Рим Папасымен кездесулерімді және оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған діни төзімділіктің, бейбітшілік пен өзара түсіністіктің символына айналған Апостолдық тарихи сапарын ыстық ықыласпен еске аламын. Рим Папасы Францисктің есімі әлем жұртшылығының есінде әрқашан бейбітшіліктің ұлы жақтаушысы және конфессияаралық диалог пен келісімнің қорғаушысы ретінде мәңгі сақталады", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.

Айта кетсек, бүгін, 2025 жылдың 21 сәуірінде Рим папасы Франциск қайтыс болғаны белгілі болды. Ол 88 жаста еді,

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: