2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин әке атанды

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин "әке" атанды , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2024 14:00 Сурет: Instagram/dmitriy_balandin_
Қазақстан тарихында жүзуден алғаш рет 2016 жылы Риода (Бразилия) Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин мен оның жұбайы Кристина 2024 жылдың 28 шілдесінде ата-ана атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қуанышты жаңалықпен спортшының өзі Instagram парақшасында бөлісті.

Сурет: Instagram/dmitriy_balandin_

Баландин 2022 жылдың қыркүйегінде Кристина Тыныбаевамен шаңырақ көтерген болатын.

Дмитрий Баландин – 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы, Азия ойындарының 3 дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы. Ол – 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Қазақстанның рекордсмені, жүзуден Олимпиада "алтынын" жеңіп алған тарихтағы тұңғыш қазақстандық.

Ол өзінің мансабын 2022 жылдың 21 қыркүйегінде тоқтатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: