Қазақстан оқушылары Үндістандағы робототехника чемпионатында үш марапатқа ие болды

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысында Қазақстан атынан Алматы қаласының №81 мамандандырылған мектеп оқушылары өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

USTEM Robotics қоғамдық қорының хабарлауынша, екі күндік жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар іріктеу матчтарында жеңіліссіз өнер көрсетіп, жоғары үш марапатқа ие болды. 

Айта кетері, Үндістанның Пуна қаласында өткен FIRST Tech challenge India Championship 2023 робототехника жарысына 5 елден 70 команда жиналды. Қазақстан, Үндістан, Израиль, Ресей және Румыния мемлекеттерінің оқушылары арасынан үздіктер анықталды.


"Біз бұл сапардан үлкен тәжірибе алдық. Балалар Израильдің ең мықты командасын жеңіп шықты. Әлемдік аренаға алғаш рет шыққан команда үшін бұл - үлкен жетістік. Қазылар алқасы да балалардың жұмысын жоғары бағалап, бірден үш марапат табыстады" – деді жаттықтырушы Бекзат Аманов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі