Бельгияда лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен жеті адам қамауға алынды

Сурет: pexels
Бельгия билігі елдің бірнеше қаласында бірден жүргізілген арнайы операция аясында Ислам мемлекетін қолдап, теракт өткізуді жоспарлаған деген күдікпен лаңкестік топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

RTBF телеарнасының мәлімдеуінше, ұсталғандар шешен ұлтының жастары, олардың үшеуі де Бельгия азаматтығын алған.

Федералдық прокуратураның хабарлауынша, шабуыл нысанасы нақтыланбаған, сондай-ақ тұтқындалған кезде олардың әлі қаруы жоқ екені анықталған.

Күдіктілерді ұстау операциясы аясында полиция елдің батысындағы бірнеше қалада тоғыз мекенжайға рейд жүргізді. "Ықтимал айыптар террористік жолмен кісі өлтіруге оқталу, лаңкестік топтың қызметіне қатысу және лаңкестік әрекетке дайындық", – деп хабарлады прокуратура.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2 мамыр күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бөлімшелері бірқатар лаңкестік қылмыстың, соның ішінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны қолдану арқылы халық көп жиналатын орындардың бірінде жасалмақ болған террористік актіге тосқауыл қойылғаны жөнінде баяндалды.

ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың сөзінше, 19 адам қамауға алынды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады