Бразилияда 70 мың адам тұратын қаланы "жер жұтып қоюы" мүмкін

Бразилияның Буритикупу қаласы экология салдарынан жұтылып кету алдында тұр. Өйткені мұнда орман аяусыз кесіліп жатқандықтан, жер асты суы топырақты шайып, қала маңында үлкен жыралар пайда болған , деп хабарлайды Zakon.kz .

Бразилияның солтүстік-шығысында орналасқан Буритикупу қаласында 73 мыңға жуық адам тұрады. Өңірде ормандардың кесілуі салдарынан жыралар пайда болды.

Кейбір ойықтардың тереңдігі 70 метрге жетті, аумақты көшкін басты. Мамандардың айтуынша, қала 30-40 жылдың ішінде толығымен жойылуы мүмкін.

Алғашқы шұңқыр пайда болғаннан бергі екі онжылдықта жеті адам қаза тауып, 50-ге жуық үй қирады. Тағы 300 үйге қауіп төніп тұр.

Буритикупуда қазір "voçorocas" деген атпен белгілі 26 жыра бар, бұл сөз аударғанда  "жырық жер" деген мағынаны білдіреді. Ол жырықтар көп жылдар бойы орманды кесу, кәріз жүйесінде ақау бар қаланы жоспарсыз кеңейту салдарынан пайда болған.

Ағашты кесу жер астындағы топырақтың әлсіреуіне әкеп соқтырды. Бұл артық суды сіңіруді қиындатып, су жиналып, жерді шайып кетуіне әкеледі. Әсіресе биылғы жауын-шашын жағдайды одан әрі ушықтыра түсті.

Сәуір айында қалада "қоғамдық апат" жағдайы жарияланды. Мараньяо федералды университетінің географыАугусто Карвальо Кампос жыралардың шетіне ағаш отырғызумен қатар локализация жұмыстарын жүргізу қажет екенін мәлімдеді.

Қала мэрі Жоао Карлос Тейшейра жағдай "қиын" екенін айтты. 

Қызықты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: