Президент сайлауы: Нью-Джерси штатының бұрынғы губернаторы Кристи Байденмен бәсекеге түспек

Сурет: видеодан скриншот
Нью-Джерси штатының бұрынғы губернаторы Крис Кристи 2024 жылы АҚШ президенттігіне сайлауға түсуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News таратқан ақпаратқа сүйенсек, Кристи қолынан не келетінін көрсетпек.

"Сәттілікке кепілдік бере алмаймын. Бірақ, ең соңында менің кім екенімді, қолымнан не келетінін және соған лайықпын ба, соған күмәніңіз болмайтынына кепілдік беремін", – деді Кристи жақтастарының алдында сөйлеген сөзінде. 

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенс те президент сайлауына қатысуға құжаттарын тапсырған еді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Қазатомөнеркәсіп" топ-менеджерінің ұсталғанын мәлімдеді

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Алматыда қар жауып, күн суытады, Астана мен Шымкентте жаңбыр жауады: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

"Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында Жетісу облысына 37 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді