Колумбияда ұшақ апатына ұшыраған 4 бала 40 күннен кейін аман табылды

Сурет: Twitter/Gustavo Petro
Колумбияда іздестіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанына 40 күн болғанда 4 бала аман табылды. Тірі қалғандар 1 мамырда апатқа ұшыраған Cessna 206 ұшағында болған. Ұшақ апаты салдарынан үш ересек адам қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Колумбияда ну орман ішінен ұшақ апатынан кейін 40 күн өткенде 4 кішкентай бала аман табылды, деп жазды ел президенті Густаво Петро Twitter-дегі парақшасында.

"Олар - джунгли балалары, енді олар Колумбияның балалары", - деп жазды Густаво Петро.

Сондай-ақ Густаво Петро желідегі өз парақшасында аман қалған балалар мен оларды тапқан әскери қызметкерлердің суретін жариялады. Төрт бала бір-біріне ағайынды болып келеді, ең кішісі - 1 жаста болса, қалғаны 4, 9 және 13 жаста, деп нақтылайды SNN.

Сенбі күні таңертең Колумбия әуе күштері балаларды санитарлық көлікпен ел астанасы Боготадағы әскери-көлік әуе қолбасшылығына жеткізді. Оған дейін оларды ұшақта дәрігерлер тексерген.

Балалар әбден арып-ашып, қатты әлсіреген, масаға таланған.

Ұшақта бұлардан бөлек тағы үш ересек адам болған. Оның бірі - балалардың анасы Магдалена Мукутуй Валенсия. Үшеуі де ұшақ апатынан қаза тапты. Апат алдында ұшақ командирі жермен байланысып үлгерген. Колумбия президенті әскерилерді аяғынан тік тұрғызып, балаларды іздеуге жұмылдырды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды