Димаш Өзбекстандағы Төле би кесенесіне барды

Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Әнші, музыкант Димаш Құдайберген Өзбекстанда жүр. Ол Instagram-дағы парақшасында Ташкентке сапарында Мәдениет және туризм министрі Озодбек Ахмадұлымен бірге Шейх Хованди Тохур мен Төле би кесенелерін аралағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шейх Хованди Тохур - 14-ғасырда өмір сүрген ғұлама әрі сопы, Ахмет Ясауи ілімін ұстанушы болған. Ол халықты білімге, елбасыларды татулық пен келісімге шақырған әулие ретінде ел есінде қалды.

Төле би 17-ғасырда шейх кесенесінің айналасына жерленген. Қарлығаш әулие деген атпен белгілі бұл кісі қазақ халқының бас билерінің бірі, «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі болған.

"Ескі Ташкенттегі Себзор массивіндегі хазірет Имамның (Хастимам) бейітін де зиярат еттік. «Муйи Муборак» медресесінде сақталған хазірет Осман Мұшафидің Құран Кәрімнің ең көне данасын көру бақытына ие болдым. Бұл мүбәрак Құран 7-ғасырда (644-648 жж.) үшінші халифа Осман ибн Аффанның (Алла оған разы болсын) бұйрығымен бұғы терісіне көшірілген. Сапарымызда өзбек қолөнерінің үлгілерін тамашалаудың сәті түсті".Димаш Құдайберген


Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды