"100 пайыз ресейлік": Америкалық боксшы Путиннің құрметіне тегін өзгертті

Сурет: видеодан скриншот
Америкалық боксшы Кевин Джонсон Ресей президенті Владимир Путиннің құрметіне тегін өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Боксшы Кевин Владимирович атанғанын мәлімдеді, деп жазды "Известия".

"Президент Владимир Путинге қошемет білдіру үшін тегімді өзгертуді шештім. Енді мені Владимир Путиннің атымен Кевин Владимирович деп атайды. Қазір мен 100%, қалжыңым емес, 100% орыспын". Кевин Джонсон

Шілде айының соңында Джонсон Ресейде тұруды армандайтынын айтты. Спортшы бұл елге бірнеше рет барған, сол сапарларында көптеген қаласы мен ауылдарын аралапты.

Сапарлары кезінде боксшы "Ресейдің кең даласын жақсы көретінін" түсініпті. Джонсонның айтуынша, Ресейде ГМО қосылмаған сапалы тамақ бар, бұл спортшыға өте маңызды.

Сәуір айында Джонсон Ресейде тұрғысы келетінін мәлімдеп, Ресей Федерациясының президентінен оған ресейлік төлқұжат беруді сұраған.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды