Мадагаскар астанасында стадиондағы ығы-жығы адам бірін-бірі таптап, 12 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Үнді мұхиты аралдарының 11-ші ойындары Мадагаскардың астанасы Антананаривуда өтіп жатыр. "Бареа" стадионының кіре берісіндегі ығы-жығы адам бір-бірін итере бастаған. Ақыры бір-бірін таптағандар стадионға лап қойған. Салдарынан 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Orange Actu Madagascar порталының ақпаратына сәйкес, кем дегенде 80 адам зардап шекті.

Көп адам ауруханаға жеткізілген, тіпті кейбірі отаны қажет ететіні де нақтыланады.  

Полиция тым көп адамның жиналғанын бірден ескертіп, көптеген көрерменге үйде болуды сұраған. Алайда, олар нұсқаулықты орындамай, есесіне полиция үлкен тобырға ие бола алмай қалған. 

Кейінірек Мадагаскар билігі оқиға кезінде зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетінін, олардың емделу шығындарын өз мойнына алатынын мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін