Ақорда Ермек Сағымбаевтың ҰҚК төрағасы қызметінен босатылу себептерін түсіндірді

Комитет национальной безопасности РК, КНБ РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 15:41 Фото: Zakon.kz
Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Ермек Сағымбаевтың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы қызметінен босатылуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы шешім қабылдаған.

"Бұл шешім Президенттің арнайы қызметті реформалау жөніндегі міндетін табысты орындау үшін басшылық кадрларды ауыстыру қажеттігін ескере отырып қабылданды. Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанда жемқорлық ісіне қатысы бар тұлғаларды ұстау жағдайын да ескерді. Президенттің пікірінше, күштік құрылым қызметкерлері қателіктер жіберген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке де қызметтік жаза қолданылды", – деді Айбек Смадияров.

Президенттің баспасөз хатшысы "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы басшыларына қатысты істің сыбайлас жемқорлық сипаты күмән тудырмайтынын атап өтті.

"Мұны іске қатысы бар тұлғалардың тергеу әрекеттері кезіндегі іс-қимылдары растады. Президент жүргізіліп жатқан тергеуден әуел бастан хабардар болды. Оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ұстанымы берік әрі өзгермейді. Сол күні Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жұмыс кеңесін өткізді. Президент қызметтік тәртіпті нығайтып, "Заң мен Тәртіп" қағидатына сай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындау барысында полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруды тапсырды", – деді Айбек Смадияров.

Сондай-ақ министр Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмысын күшейту қажеттігі айтылды.

2026 жылғы 16 қарашада таңертең президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты ҰҚК төрағасы қызметінен босату туралы Жарлыққа қол қойды. Кейін комитет төрағасы болып Марат Ирменовтің тағайындалғаны белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: