Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды

Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 11:23 Сурет: gov.kz
Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 16 қарашада Ақорданың Telegram-арнасында жарияланды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында:
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымынан босатылды", – делінген.
Ермек Сағымбаев 1967 жылғы 11 қазанда дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ политехникалық институтын, 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2021 жылы ҚР Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі.

І және ІІ дәрежелі "Даңқ" ордендерімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.

2022 жылы ҚР президентінің Жарлығымен оған ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілген.

Еңбек жолы:

  • 1994–2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында жедел және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған;
  • 2006–2019 жылдары ҚР Президентінің күзет қызметінде жедел және басшылық лауазымдарда қызмет еткен;
  • 2019–2021 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президентінің күзет қызметінің бастығы болған;
  • 2021–2022 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, кейін бастығы қызметтерін атқарған.
  • 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰҚК төрағасы болды.
Кейін Тоқаев тағы бір Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, 2026 жылғы 16 қарашадан бастап ҰҚК төрағасы болып Марат Ирменов тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: