Айбек Смадияров президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Айбек Смәдияров Қазақстан Республикасы Президенті жанынан жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 09:02 Сурет: akorda.kz
Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 29 қаңтарда Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп жазылған ресми ақпаратта.

Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы "Қазақстандағы Қытай банкі" АҚ Административтік департаментінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы ретінде қызмет атқарған. 2008-2010 жылдары ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

2010-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде үшінші хатшы қызметін атқарған.

2012 жылдан 2013 жылға дейін ҚР Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, ал 2013-2014 жылдары ҚР СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымын атқарды.

2014 жылдан 2018 жылға дейін Вьетнамдағы ҚР Елшілігінде екінші және бірінші хатшы қызметінде жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары ҚР СІМ Баспасөз қызметін басқарып, 2019-2023 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары – Баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі болды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежеге ие.

2023-2025 жж. – ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры – Ресми өкілі

2025 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің Төрағасы – Ресми өкілі

Марапаттары:

Медальдар: "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 25 жыл" (2017), "Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметіне 30 жыл" (2022), "Халық алғысы" (2021), "Шапағат" (2022);

Төсбелгілер: "Ақпараттық жұмыстың үздігі" (2022), "Жылдың үздік баспасөз хатшысы" (2019), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2022), "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасындағы үздік баспасөз қызметі" (2023)

Шет тілдері: ағылшын, түрік

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: