Алматы облысы әкімдігі екі жер учаскесі бойынша жалған шешімдердің күшін жоюға қатысты пікір білдірді

Земельный участок, земельные участки, земля, землевладение, участок земли, участки земли, территория, территории, земельная доля, стоимость земли, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 11:34 Фото: pexels
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 29 қаңтарда Қарасай және Іле аудандарында жер учаскелерінің заңсыз өзгертілуі мен берілуіне қатысты анықталған фактілер жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік мәліметінше:

"2025 жылы Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдары жүргізген мониторинг барысында жердің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілгенін дәлелдейтін жалған құжаттар анықталды. Барлық материалдар шұғыл түрде прокуратура органдарына жолданып, тиісті шаралар қабылданды. Прокурорлық қадағалау мен сот талқылауларының нәтижесінде заңсыз шешімдердің күші жойылып, жер учаскелері бастапқы қалпына келтірілді. Анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер тіркелді", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ Қарасай ауданы әкімдігі Көкөзек, Іргелі және Көксай елді мекендерінде де осындай заңбұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді.

Жалған шешімдердің белгілері мен жерді заңсыз айналымға енгізуге қатысты барлық деректер тіркеліп, құқық қорғау органдарына жолданған.

Бұл ретте, Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан 0,10 гектар жер учаскесінің заңсыз берілгені анықталған. Аталған жер 2009 жылғы 25 мамырдағы №446 аудан әкімі өкімі негізінде Палуашов С.У.-ның атына рәсімделген. Алайда прокуратура тексерісі барысында бұл өкімнің жалған екені және архивтік деректермен расталмайтыны белгілі болды.

"Бұл жер учаскесі бұрын мемлекеттік қажеттіліктер үшін (магистральдық газ құбырын салу) сатып алынатын жерлер тізіміне енгізіліп, Палуашов С.У.-дан өтемақы төлеу арқылы мемлекетке алынған". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Іле аудандық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылып, төленген қаражатты кері өндіріп алу белгіленді. Құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жергілікті атқарушы органдар жалған құжаттарды дайындауға қатысқан жоқ және олар үшін жауапкершілік көтермейді", – деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2026 жылғы 28 қаңтарда Алматы облысының прокуратурасы жер қатынастары саласына жүргізілген кешенді талдау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдардың жалған шешімдеріне байланысты заңбұзушылықтарды анықтағаны белгілі болды. Соның нәтижесінде Қарасай және Іле аудандарындағы бірқатар жер учаскелері бойынша әкімдердің жалған шешімдерінің күші жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: