Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының әкімдігі жетім балалардың видео үндеуіне қатысты түсініктеме берді

Баспана мәселесі, Алматы, жетім балалар, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 18:36 Сурет: freepik
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жетім балаларға баспана бөлу мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Алматы облыстық №1 балалар үйінің түлектері ҚР Президенті мен қала әкіміне видео үндеу жолдаған болатын.


"Олар Алматы облысының әкімдігі бойынша тұрғын үй кезегіне қойылған (Алматы қаласының тұрғын үй кезегінде тұрмайды). "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 71-бабының 1-тармағына сәйкес, баспанаға мұқтаждарды есепке алу азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі. Осыған байланысты баспана беруге қатысты мәселені шешу видео үндеу авторлары кезекте тұрған Алматы облысы әкімдігінің құзыретіне жатады", делінген хабарламада.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналарды (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған баспаналарды бөлу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммунальдық қордан тұрғын үйлердің жалпы санының кемінде 20%-ы бөлінеді.

"Алматы қаласы әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарға жататын санатындағы адамдарды, атап айтқанда, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударады. Егер 2022 жылы Алматы қаласының коммунальдық тұрғын үй қорынан жетім балаларға 14 пәтер, 2023 жылы 55 пәтер берілсе, 2024 жылы кемінде 400 пәтер беру жоспарланып отыр. Осылайша, келесі жылы жетім балалардың 16%-ының баспана мәселесі шешілетін болады". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: