Миллиард теңгенің жер телімі: Астана әкімдігі мәслихаттан шыққан дауға қатысты түсініктеме берді

Астана, әкімдік, жер телімі, аукцион, қалалық мәслихат, дау, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2025 17:53 Сурет: akorda.kz
Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі елордалық мәслихат депутаттарының ашуын туғызған миллиард теңгелік жер учаскесін сатып алулары жөніндегі жоспарларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 13 мамырда Астана мәслихатының отырысында Достық көшесі бойындағы жер учаскесін сквер салу үшін алып қою жоспарланып отырғаны қызу пікірталас тудырды. Наразылық танытқан депутаттарың айтуынша, 2023 жылы ол аукцион арқылы жекеменшікке 176 млн теңгеге сатылған, бірақ төрт айдан кейін әкімдік оны 1,08 млрд теңгеге қайтып сатып алмақ.

"2015 жылы жер телімі екіге бөлінеді, демек, екі кадастрлық нөмірге. Дербес деректер құқық иелерінің келісімінсіз жария етілмейді. Аталған учаскелер игерілмегендіктен, ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы сот органдарына оларды алып қою туралы талап-арызбен жүгінді, ол 2022 жылы сот шешімімен қанағаттандырылып, әділет органдарына орындауға берілді. Бұдан әрі олар Астана әкімдігінің сквер салу туралы жоспары барын елемей, оны аукционға шығарған", - деп түсіндірді Zakon.kz тілшісіне Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

2023 жылы Астана әкімдігі осы аумақта сквер салу туралы шешім қабылдады және қала құрылысы құжатына тиісті өзгерістер енгізілді.

"Сондай-ақ, қарастырылып отырған аумақ мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер учаскесінің шекарасына кіретіндіктен, Астана әкімдігі 2024 жылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою туралы қаулы қабылдады". Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Баспасөз қызметі атап өткендей, "мәслихат депутатының айтып отырған аукциондар мен сауда-саттығының әкімдікке ешқандай қатысы жоқ".

"Иеліктен шығару рәсімі "Мемлекеттік мүлік туралы" ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады және мүліктің нарықтық құны мөлшерінде өтемақы төлеу көзделеді. Оны бағалаушы анықтайды, бұл ретте біз қандай да бір миллиардтар туралы сөз болып отырмағанын нақтылаймыз". Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, баспасөз қызметі "ағымдағы жылға арналған қала бюджетіне сатып алуға қатысты қаражат қарастырылмағанын" айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: