Дауыл мен жаңбыр: Австриядағы өзендердің деңгейі кейінгі жүз жылдағы максимумға жетті

Сурет: unsplash
Дауыл мен толассыз жауған жаңбырдан Австрияның кей жерлерінде су тасқыны болды. Елдегі өзендердің деңгейі кейінгі жүз жылдағы рекордтық деңгейге көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Австрияның оңтүстік және батыс аймақтарында нөсер жаңбыр жауды. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Форарльберг, Тироль, Зальцбург және Каринтия. Бұл туралы SkyNews жазды.

Жергілікті мамандар тұрғындарға "Жауын-шашын мөлшері 100 миллиметрге жетеді" деп ескертіп жатыр. Бұл жағдай селге және одан әрі су тасқынына әкелуі мүмкін.

Австриялық БАҚ кейбір өзендердің деңгейі кейінгі жүз жылда болмаған рекордтық деңгейге көтерілгенін айтты. Белгілі бір аудандардың ондаған тұрғыны эвакуацияланғаны хабарланды. Елдің кейбір аймақтарында нөсер 24 сағатқа дейін тоқтаусыз жауады.

Бұған дейін АҚШ-тың Флорида штатының солтүстік жағалауына күшті Идалия дауылы жеткені, оның жағалауында дауыл толқындары байқалғаны белгілі болды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды