Джо Байден импичмент жөніндегі ойын ортаға салды

Сурет: wikimedia
АҚШ президенті Джо Байден республикашылдар үкімет жұмысын тоқтату үшін оған қарсы импичмент процедурасын бастап жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ президентінің сөзін Ақ үйдегі журналистер келтіреді. Бұл жөнінде президент сайлауалды науқанына ақша жинау шарасында мәлімдеген.

"Олар маған импичмент жариялағысы келеді, өйткені олар үкіметтің жұмысын тоқтатқысы келеді", – деп жазды РИА Новости Байденнің сөзін арқау етіп.

Бұған дейін Ақ үй республикашылдардың Джо Байденге импичмент жариялау туралы ықтимал бастамасына жауап беруге дайын екендігін хабарлаған. Артынша Конгресстің төменгі палатасының спикері Кевин Маккарти палата комитеті импичмент рәсімінің бөлігі ретінде ресми тергеуді бастағанын мәлімдеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады