Халықаралық жанжал: Канада кісі өлімі үшін Үндістанды айыптады

Сурет: pixabay
Канада билігі атышулы кісі өліміне Үндістанның арнайы қызметтері қатысқан деген болжам айтты. Дели бұл айыпты "абсурд" деді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының 19 қыркүйекте жазуынша, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо канадалық сикхтер қауымдастығының жетекшісі Хардип Сингх Ниджардың өліміне Үндістанның арнайы қызметтерінің қатысы бар деп мәлімдеді.

Парламентте сөйлеген сөзінде ол канадалық биліктің Үндістанның қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін "сенімді дәлелдер" бар екенін айтты және бұл оқиғаны Канаданың "егемендігіне өрескел қастандық" деп атады. Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жоли де осы оқиғадан кейін үнді дипломаттарының бірі елден шығарылғанын айтты.

Үндістан билігі бұл айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарып, "абсурд" деп атады. Дипломатиялық дау екі ел арасындағы қарым-қатынасты айтарлықтай шиеленістіруі мүмкін.

Хардип Сингх Ниджар маусым айында атып өлтірілген. Ол Үндістандағы ықпалды діни азшылық болып саналатын канадалық сикхтердің жетекшілерінің бірі болды. Ниджар Халистан деп аталатын тәуелсіздік қозғалысын және Үндістанда жеке сикх мемлекетін құруды ашық қолдады.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты

Мемлекеттік қордан тұрғын үйді жекешелендіру: өзгерістер енгізілді

Экономикалық интеграцияны тереңдету бағытында ауқымды жұмыс атқарылды – Тоқаев ЕАЭО туралы

Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жасады

Тоқаев америкалық журналға мақала жазды