Қазақстанда автомобиль саны бір жылда 100 мыңнан асып, 28% ұлғайған

Сурет: akorda.kz
Былтыр Қазақстанда өндірілген автомобиль саны 100 мыңнан асып, 28% ұлғайған. Экспорт екі есе өсіп, 3,8 миллиард долларға жеткен. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Mercedes-Benz Group компаниясының басқарма төрағасымен кездескенде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Mercedes-Benz Group компаниясының басқарма төрағасы Ола Каллениуспен кездесіп, автокөлік индустриясы және инновациялық шешімдер салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Президент Қазақстанның экономиканы әртараптандыруға және өнеркәсіп өндірісін дамытуға ұмтылатынын атап өтті. Бұл стратегияда машина жасау саласы ерекше орын алады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір елімізде General Electric, General Motors, Chevrolet, Kia және Hyundai секілді танымал әлемдік компаниялар табысты жұмыс істеп жатқанын айтты. Былтыр Қазақстанда өндірілген автомобиль саны 100 мыңнан асып, 28 пайызға ұлғайған. Экспорт екі есе өсіп, 3,8 миллиард долларға жеткен.

Неміс автоконцернінің басшысы болса, президентке компанияның жаһандық жеткізу тізбегін дамыту ісіндегі тың тәсілдер және Қазақстан экономикасы үшін ашылатын жаңа мүмкіндіктер туралы мәлімет берді.

Ақорданың мәліметінше, Mercedes-Benz Group – әлемдегі автокөлік өндіретін жетекші компаниялардың бірі. 2022 жылы компания 2,5 миллионға жуық автомобиль құрастырып шығарған. Былтыр Mercedes-Benz Group әлемдегі ең ірі компаниялардың Forbes Global 2000 тізімінде 41-орынға, ал Fortune Global 500 тізімінде 38-орынға ие болған.

Германия
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды