Үндістан ұшқыштар мен жолсеріктерге иіссу қолдануға тыйым салуы мүмкін

Сурет: pixabay
Үндістанда жақында ұсынылған қаулы алкоголь иісін жасыру үшін иіссу қолданатын ұшқыштарды анықтауға көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндістанның авиация саласын қадағалайтын азаматтық авиациясының бас директоры жақында алкогольді тұтынуға қатысты ережелерді жаңартуды ұсынды, деп жазды CNN.

Ұсыныста тыныс алу сынамасында оң нәтиже көрсететін алкогольді сусындардан бөлек, ауыз шаюға арналған сұйықтықтар да аталып өткен. Алайда ерекшеленіп жазылған жаңа бөлімде иіссу да айтылған.

"Екипаждың бір де бір мүшесі ешбір дәрі-дәрмекті/қоспаларды немесе ауыз шаюға арналған сұйықтық/стоматологиялық гель/иіссу немесе құрамында алкоголь бар кез келген басқа ұқсас өнімді пайдаланбауы керек. Бұл тыныс анализаторы сынағында оң нәтиже көрсетуі мүмкін", - делінген құжатта.

Комиссияның пікірінше, иіссу құрылғының қандағы алкогольді анықтауына кедергі келтіріп қана қоймай, ішімдік иісін азайтып, дәрігерлерді шатастыруы мүмкін.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды