Қырғызстанда криминал авторитетпен байланысы үшін 202 шенеунік жұмыстан босатылады

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Қамшы Көлбаев пен Райымбек Матраимовқа қатысы бар 202 шенеунікті анықтады. Бұл туралы Мемлекеттік комитет төрағасы Қамшыбек Ташиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысының айтуынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес күшейтіледі. Бұл туралы Kaktus.media жазды. Қамшы Көлбаев пен Райымбек Матраимовпен қандай да бір түрде байланысы бар шенеуніктер де жауапқа тартылады.

"Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресу, бақылауды күшейту туралы үнемі айтып келеміз, бірақ бүгінгі жұмыс формасы мен идеясы жағынан басқаша. Біз барлығымыз Қырғызстанда бұдан былай ұйымдасқан қылмыс болмайтынын мәлімдедік. Сөзімізде тұруымыз керек. Бір мысал келтірейін. Кейінгі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топтарға, заң бұзушылыққа қатысы бар мемлекеттік қызметкерлерді анықтадық. Райымбек Матраимовқа қатысы бар 92 лауазымды тұлғаны, Көлбаевқа қатысты 60 шенеунікті анықтадық. Сонымен қатар кеден қызметінің 50 қызметкерін анықтадық. Осылайша, қылмысқа, ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 202 мемлекеттік қызметкер қызметінен босатылады".Қамшыбек Ташиев

Ол мемлекеттік органдарды тазарту аясында осындай ауқымды жұмыс істеліп жатқанын айтты. ҰҚМК басшысы ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері аудандық басқармалардың немесе министрліктердің қызметкерлері болмауы керек деп қорытындылады.

Қырғызстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: