АҚШ әскері Таяу Шығысқаатом сүңгуір қайығын жіберді

Сурет: Тwitter/CENTCOM
"Огайо" класындағы сүңгуір қайық Таяу Шығысқа жексенбі, 5 қараша күні жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Огайо" класындағы сүңгуір қайық жексенбі күні АҚШ Орталық әскери қолбасшылығының жедел жауапты аймағына келіп жетті. Бұл жөнінде АҚШ-тың Орталық әскери қолбасшылығы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

"2023 жылғы 5 қарашада "Огайо" класындағы сүңгуір қайық АҚШ Орталық қолбасшылығының жауапкершілік аймағына келді",  – делінген хабарламада.

Жақында Пентагон Таяу Шығысқа қосымша 300 әскер жіберетінін мәлімдеген. Сонымен қатар аймаққа"Дуайт Эйзенхауэр" авиатасымалдағышы бастаған соққы беретін топ келді. Оның құрамына флагман авиатасымалдаушы, басқарылатын ракеталық крейсер, эсминецтер және тоғыз авиациялық эскадрилья кірді.

"Огайо" класындағы сүңгуір қайық – америкалық стратегиялық атомдық суасты қайықтарының үшінші буын сериясы. "Огайо" класындағы қайықтар АҚШ-тың стратегиялық шабуылдаушы ядролық күштерінің негізі болып саналады.

АҚШ
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады