Қытайдың солтүстік-шығысында қатты бораннан үш адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Қытайда әдеттен тыс қолайсыз ауа райына байланысты мектептер жабылып, көлік қозғалысы шектеліп, әуе рейстері тоқтатылды. Қар көшкіні кезіндегі оқыс жағдай салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN арнасының мәліметінше, Қытайдың солтүстік провинцияларындағы ерте жауған қар мен боран мемлекеттік мекемелердің жұмысын тоқтатты. Әдетте, Қытайдың солтүстік-шығысында алғашқы қар қарашаның аяғында – желтоқсанның басында жауатын. Бірақ биыл қар қарашаның бірінші жартысында басталып, бірнеше күн қатарынан жауып тұрды.

Қытайдың қиыр солтүстігіндегі Хэйлунцзян провинциясында қарлы боран салдарынан 51 жолаушы пойызы уақытша тоқтатылды. Провинцияның басты қаласы Харбин әуежайында 400-ден астам рейс тоқтатылып, бірнеше шағын әуе терминалдары толығымен жабылды. Харбиндегі мектептер мен балабақшалар да уақытша үзіліс алды. Қала билігі дабылдың "қызыл" деңгейін жариялады.

Ал Цзямусы қаласында қарлы боран кезінде мектеп спорт залының шатыры опырылып түсті. Ғимаратта болған үш оқушы қаза тапты. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін