Үндістанда нөсер жауынның салдарынан әуежайды су басып қалды

Сурет: видеодан скриншот
Үндістанның 9 миллионнан астам тұрғыны бар Ченнай қаласында толассыз жауған жаңбыр салдарынан әуежайды су басып қалды. Мегаполисте күн райының қолайсыздығына байланысты мектептер, колледждер мен банктер жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Hindustan Times газетінің хабарлауынша, Тамил Наду штатының төрт ауданында, соның ішінде 9 миллионнан астам халқы бар Ченнай қаласында 4-5 желтоқсанда қатты жаңбыр салдарынан мектептер, колледждер, кеңселер мен банктер жабылды. Ченнай әуежайы ұшу-қону жолағын су басқандықтан жұмысын тоқтатты. Елдің шығыс жағалауындағы кейбір индус храмдары да мінажат етушілерді қабылдауды тоқтатты.
Ченнай қаласы әуежайының әкімшілігі таңертең жұмыс кем дегенде екі сағатқа тоқтатылатынын хабарлады. Осыдан кейін қаланың әуе қақпалары кешке дейін "күн райының бұзылуына байланысты" рейстердің ұшып-қонуы үшін толығымен жабылды деген ақпарат пайда болды. Кейбір рейстердің бағыты басқа әуежайлар арқылы өзгертілді. Ұша алмай қалған жолаушыларға өтемақы төленеді.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады