Қазақстандағы тағы үш әуежай шетелдіктерге басқаруға беріледі

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан үш әуежайды шетелдік инвесторларға сенімгерлік басқаруға беру туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның әуежайларын жаңғыртуға жалпы алғанда 2 миллиард 400 миллион доллар жеке инвестиция, соның ішінде шетелдік инвестиция тарту жоспарланып отыр.

"Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайларын осы салада тәжірибесі бар ірі әлемдік инвесторлардың сенімгерлік басқаруына беру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр".Марат Қарабаев

Астана, Алматы және Шымкент әуежайларына инвесторларды тарта отырып, ұшу-қону жолақтарын, жанармай құю кешендерін қайта жаңарту, жолаушылар және жүк терминалдарын кеңейту де кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Қарағанды ​​әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын жаңғыртуды және оны қажет арнайы техникамен жабдықтауды жоспарлап отыр.

"Шетелдік басқарушы компанияға мемлекет тарапынан Астана әуежайын дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді. Оның ішінде: біріншіден, өз қаражаты есебінен инвесторға келесі жылы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жүктелді; екіншіден, өткізу қабілетін ұлғайту, бұл авиакомпаниялар санын көбейту;үшіншіден, әуежайды әртүрлі санаттағы жүктерді қайта рәсімдейтін, жүк терминалының өткізу қабілетін арттыратын ірі жүк орталығына айналдыру жүктелді. Қызмет көрсетуді ұлғайту, сонымен қатар әуежайда әлемге әйгілі брендтерге қызмет көрсетуді дамыту да бар".Марат Қарабаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты