"ЮНИСЕФ-тің жаһандық есебінде әлемдегі әрбір үшінші интернет қолданушысы бала делінген. Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп былтыр Қазақстандағы балалардың онлайн-қауіпсіздігі мен тәжірибесі бойынша зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде Қазақстанда балалар интернетке бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен және ерте жастан қосылатынын анықтадық. Зерттеуге сәйкес, балалардың 45%-ы интернетке 5-8 жасында, ал балалардың 5%-ы одан да ерте - 4 және одан кіші жаста қосылады", - деді спикер.
Айсұлу Бекмұса интернет балалардың дамуына, оларды оқытуға, шығармашылығына, әлеуметтенуіне мүмкіндік беретініне тоқтала келе, тәуекелдерді де ескеру қажет екені айтты.
Оның айтуынша, балалардың 21%-ы құрдастары мен достарының кибербуллингке ұшырағанын көрген. Бірақ олардың жартысы ғана ересектерге интернетте кибербуллингке тап болғандарын айтқан.
"Біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп балалар үшін қауіпсіз пайдаланушылық интернет қалыптастыруға бағытталған "КиберТұмар" ақпараттық білім беру науқанын бастадық. Сонымен қатар, компания ата-аналарға да арналған: егер бала интернетте қандай да бір қауіп-қатерге тап болса, ата-аналарға арналған негізгі іс-қимыл алгоритмдері ұсынылады", - деді ЮНИСЕФ өкілі.