Ресейдің Орынбор қаласын су басып, дабыл белгісі қосылды

Сурет: Telegram/press_sluzhba56
2024 жылдың 9 сәуірінде таңертең Ресейдің Орынбор қаласында дабыл зорайтқыштар іске қосылып, жергілікті тұрғындарға қауіпті аймақтардан шұғыл кетуді талап ететін үндеу тасталды. Мұнда бір түнде су деңгейі 25 см-ге көтерілген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеге жақындап, 897 см құрады. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады.

"Дабыл соғылды. Облыс орталығында ТЖ режимі енгізілген. Қаладағы Урал (Жайық) өзеніндегі су деңгейі қауіпті межеге жақындап, 897 см құрады. Су басу қаупі бар аймақтағы барлық адам дереу эвакуациялауға жатады", - деді қала билігі.

Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынша, бұрын-соңды болмаған су тасқынына байланысты Орынбор облысы ең қиын жағдайға тап келіп отыр.


2024 жылдың 5 сәуірінде Орск қаласында Орал өзеніндегі бөгет бұзылды. Билік ескі қала тұрғындарын жаппай эвакуациялады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Құрылтай құрамына кімдер енді: саяси партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады

Аудит нәтижесі: Қазақстан атынан шетелге баратын спорт делегациясы қатаң іріктелетін болды

Boeing ұшағы Атлант мұхитының үстінде белгісіз себеппен апаттық сигнал берді

Алматыда қыркүйек қандай болады: күзгі салқын қашан келеді және "күзгі жылымықты" күтуге бола ма