Байден Израиль басшыларын тұтқындауға санкция беруге түбегейлі қарсы

Сурет: wikimedia
Америка президенті Джо Байден мәлімдеме жасады, онда ол АҚШ Газа секторында болып жатқан оқиғаларды геноцид деп санамайтынын және халықаралық бас прокурордың айыптауларын қабылдамайтынын атап өтті.
"Газада болып жатқан оқиға, геноцид емес"- деді Байден.

ТАСС жазғандай, Байден ХБК Прокурорының Израиль басшыларын тұтқындауға санкция беру туралы талабы шектен шыққанын атап өтті.

Сонымен қатар, президент Израильді соңына дейін қорғауға дайын екенін айтты.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон ХБК Прокурорының талабын қабылдамайтынын айтты.

Блинкеннің пікірінше, прокурордың шешімі көмектеспейді. Ол керсінше, кепілге алынғандарды босатуға және гуманитарлық көмек жеткізілімдерін арттыруға мүмкіндік беретін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуді қиындатуы мүмкін. Бұл АҚШ қол жеткізуге тырысатын мақсаттар.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырлары Израильді зымыранмен атқылап, оның аумағына басып кірген болатын. Ал Израиль өз кезегінде Газа секторында жердегі атыстарды бастады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты