Литвадағы президенттік сайлаудың көш басында кім тұрғаны белгілі болды

Сурет: Instagram/gitanasnauseda
26 мамырда Литвада Президент сайлауы көшбасшысының аты белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Литваның қазіргі президенті Гитанас Науседа президенттік сайлаудың екінші турында 79,34% дауыспен, екінші кандидат, Премьер-Министр Ингрида Шимонитенің 20,66% дауысымен көш бастап тұр. Аталмыш ақпаратты учаскелердің жартысындағы мәліметпен салыстыра отырып, Литваның бас сайлау комиссиясы хабарлады.

Ресми нәтижелер кейінірек жарияланады. Алайда, Шимоните өзінің жеңілгенін мойындады.

"Мен Литваның таңдаулы президентін құттықтаймын!", – деді ол.

Бұл сайлау Гитанас Науседа үшін екінші және соңғысы болмақ. Литва Конституциясына сәйкес президент қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

Еске салайық, Иранда кезектен тыс президенттік сайлау 2024 жылдың 28 маусымында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады