Иранда 5 шілдеде Президент сайлауының екінші туры өтеді

Сурет: irna
5 шілдеде Иранда президенттік сайлаудың екінші туры өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Business Standart хабарлағандай, президенттік орындық үшін екі үміткер таласады.

Бұл батыс Әзірбайжан провинциясынан шыққан 69 жастағы, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі реформатор Масуд Пезешкиан. Ол шетелдік инвестицияларды тартуды, Батыспен диалог құруды көздейді.

Иран басшысының республиканың ұлттық қауіпсіздік жоғары Кеңесіндегі 58 жастағы өкілі, консерватор Саид Джалили. Ол ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруды, Ресеймен және Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдетуді жақтайды.

Сурет: Telegram/SputnikLive

Бұған дейін, Иранда сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полицей қаза тапқаны хабарланды. Олар Систан және Белужистан елдімекендерінде сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде оққа ұшқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италиялық клуб итпен келісімшартқа отырды

ҚазҰУ студенті өзіне қол жұмсамақ болды деген ақпаратқа Алматы полициясы түсініктеме берді

Құрылтай жанындағы жаңа алаң жастардың елдің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына жол ашады

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында