Иранда сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полицей қаза тапты
Сурет: pixabay
29 маусымда Систан және Белужистан елдімекендерінде сайлау жәшіктерін тасымалдау кезінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ислам Республикасының ИРНА ақпарат агенттігі хабарлағандай, қарулы адамдар сайлау жәшіктері салынған көлікке оқ жаудырған. Қаскөйлер Джакигор ауданының сайлау жәшіктерін ұрламақ болған деп болжанады.
"Қауіпсіздік қызметкерлерінің батылдығының арқасында сайлау жәшігі қаскөйлердің қолына түспеді. Алайда бес адам зардап шегіп, медициналық орталыққа жеткізілді", делінген хабарламада.
Бұл ретте әскери борышын өтеуші Фархад Джалил мен шекара қызметінің сержанты Эбрахим Мармазиды аман алып қалу мүмкін болмады.
Сурет: X/irnarussian
Сол күні Иран президенттігінен үміткерлердің ешқайсысы бірінші турда 50% дауыс жинай алмағаны белгілі болды. Енді елде сайлаудың екінші туры өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript