Жаңалықтар тізбегі
0

"ҚазАвтоЖол" компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты Сурет: Telegram/qazavtojol
2024 жылдың 10 ақпанында республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тас жолында "ҚазАвтоЖол" компаниясының қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 13 ақпанда "ҚазАвтоЖол" Telegram-арнасынан белгілі болды.

"2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14:00 шамасында Самара-Шымкент тас жолының 1285-ші шақырымында жантүршігерлік оқиға орын алды. Оқиға салдарынан (тұрған көлікпен соқтығыс) Қызылорда ҚБ бас маманы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ облыстық филиалы Сыдықов Сақтапберген Бақытжанұлы өзінің тікелей міндетін атқару кезінде қайтыс болды.". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы Сазды ауылы учаскесінде қозғалыс қайта жанданғаннан кейін Toyota Alphard көлігі компания қызметкері тұрған жерде тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан қайғылы оқиға орын алды.

"Соқтығыс салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.Марқұм Қызылорда облыстық филиалының бас маманы болып, компанияда алты жылдан астам жұмыс істеп, өзін адал, кәсіби қызметкер ретінде көрсетті. Сақтапберген Сыдықовтың артында төрт баласы мен жұбайы қалды". "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Ұлттық компания марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетіледі деп сендірді.


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және барлық қажетті материалдық қолдау көрсетеді", - деп түйіндеді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

2024 жылдың 12 ақпанында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды үндеу жасады. Ол қолайсыз ауа-райында адамдарды құтқарған қазақстандықтарға алғысын білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: