Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан "лақтырып жіберді"

Сурет: Мәскеу қалалық прокуратурасы
Мәскеуде ер адам 16-қабаттан кішкентай сәбиін лақтырып жіберген, одан кейін әйелін де терезеден итеріп құлатқан. Бала мен ана оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 25 тамызда Мәскеудің Лефортово ауданында болды. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмады. Ер адамның 39 жаста екені белгілі. Куәгерлердің айтуынша, бала мен әйел биіктен құлағаннан кейін, біраз уақыт бойы өзге де заттар 16-қабаттың терезесінен сыртқа "ұшып жатқан".

"Қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері келіп, ауланы қоршауға алды, ер адам ұсталды", деп хабарлады құқық қорғау органдарынан.

Ресейлік БАҚ күдіктінің Ресей Федерациясының Орталық банкінің қызметкері болуы мүмкін деп болжайды. 36 жастағы жұбайымен ол шамамен үш жыл некеде болған.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді