Қытайда хайуанттар бағында панда деп жұрт тамашалап жүрген жануар ит болып шықты

Сурет: dailymail
Қытай хайуанаттар бағы темір тордың арғы жағына панданың орнына иттерді бояп қойған. Зообақтың бұл қулығы әшкере болып, адамдар билетке төлеген ақшаларын кері қайтаруды талап ете бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail басылымы хабарлағандай, сирек кездесетін және экзотикалық жануарлардың отаны саналатын Қытайдың Гуандун провинциясындағы Шаньвэй қалалық округінде хайуанаттар бағы бар. Жақында осы зообақтан шу шықты. Себебі мұнда туристер өздері ойлағаннан да "сирек кездесетін жануарларды" кездестірген. Қоршауда қара және ақ түсті кішкентай пандалар жүгіріп жүрген, бұл жайт хайуанттар бағына келушілердің назарын аударған, өйткені панда табиғатынан ақырын қозғалатын, жалқау жануарлар. Сондықтан мұқият қарай келе, адамдар олардың боялған Чоу-Чоу тұқымды иттер екенін анықтады.

Оқиға орнынан "Сирек кездесетін жануарлар" деген сипаттамен түсірілген видео желіде жылдам тарады.  Көп ұзамай хайуанаттар бағының қызметкерлері қоршауда боялған иттер болғанын мойындады, бірақ олар бұл арада ешқандай алдау жоқ екенін, қоршауда "панда-иттер" деген жазу барын көрсеткен. Дегенмен, хайуанттар бағына келушілердің  кейбірі билет ақысын қайтаруды талап етті.

Қытай
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды