Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 12 тамызда бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Онда президент ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданғанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы қазір Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолына түсіп, елімізде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына назар аударды.
"Ұлт тағдырын айқындайтын тарихи шешімдер қабылданды. Біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдум өткіздік, жаңа Конституциямызды қабылдадық. Азаматтарымыз жаңа Ата заңды бірауыздан қолдап, дауыс берді. Қазақта "Береке бастауы – бірлік" деген жақсы сөз бар. Біз ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, еліміз де өсіп-өркендей береді. Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бұл ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ. Қазір науқан белсенді өтіп жатыр. Партиялар саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетуде. Алдымызда өте жауапты кезең тұр. Ұлт болып ұйысып, бір ел болып жұмыла еңбек етеміз деп сенемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін мемлекет басшысы марапат иелерін құттықтап, әрқайсысының ел үшін сіңірген еңбегіне жеке-жеке тоқталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript