12 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, евро, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, курс евро, курс евро к тенге, повышение курса евро, повышение евро, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 15:48 Фото: freepik
2026 жылғы 12 тамызда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,63 теңгеге төмендеп, 465,19 теңгені құрады.

Ресей рублінің бағамы 0,04 теңгеге арзандап, 5,62 теңге болды.

Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,01 теңгеге қымбаттап, 69,02 теңгені құрады.

Айырбастау орындарында доллар 465-467 теңгеден, еуро 535-540 теңгеден, рубль 5,4-5,5 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

12 тамыздағы таңғы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы өсті. Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,81%-ға қымбаттап, барреліне 89,63 доллар болды. Ал америкалық WTI мұнайының бағасы 0,85%-ға көтеріліп, барреліне 83,91 долларға жетті.

Бүгін таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллар бағамын 465,74 теңге, еуроны 537,23 теңге, рубльді 5,62 теңге деңгейінде белгіледі.

11 тамыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,38 теңгеге төмендеп, 465,74 теңгені құраған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: