5 тамыздағы сауда-саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды
Фото: pixabay
Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,93 теңгеге төмендеп, 469,85 теңге болды.
Ресей рублінің бағамы өзгеріссіз қалып, 5,82 теңгені құрады.
Күндізгі сауда-саттықта Қытай юанінің бағамы 0,25 теңгеге төмендеп, 69,72 теңге болды.
Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-471,5 теңгеден, еуро 539,5-544,6 теңгеден, рубль 5,55-5,69 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.
5 тамыздағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп келеді.
Лондондағы ICE (InterContinental Exchange) биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,50 долларға арзандап, 78,86 доллар болды.
Нью-Йорктегі NYMEX (New York Mercantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы 0,64 долларға төмендеп, барреліне 75,13 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 471,98 теңге, еуроны 543,39 теңге, рубльді 5,82 теңге деңгейінде белгіледі.
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында 5 тамызда күннің бірінші жартысында шетел валюталары қандай бағаммен сатып алынып, сатылғанын осы жерден білуге болады.