"Хезболла" дронмен Нетаньяхудың Кейсариядағы резиденциясына шабуыл жасады

Сурет: Х/netanyahu
2024 жылдың 19 қазанында "Хезболлах" ұйымы Израильдің Премьер-министрі Беньямина Нетаньяхудың теңіз жағалауындағы Кейсария қаласындағы резиденциясына қарай дрон ұшырды. Алайда онда саясаткер мен оның отбасы болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Нетаньяху кеңсесіндегілер аталған оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін жеткізген.

"Ұшқысыз сырттан бақыланатын аппарат премьер-министрдің Кейсарийдегі резиденциясына бағытталған. Премьер-министр мен оның әйелі онда болған жоқ, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ", делінген хабарламада.

Израиль қорғаныс Армиясы (IDF) күні кеше Ливаннан үш ұшқышсыз ұшу аппараты ұшырылғанын, олардың екеуі ұсталып, біреуі Кейсария қаласының маңындағы ғимаратқа түскенін айтты.

Бұған дейін Израиль күштері ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвардың көзі жойылғанын хабарлаған болатын.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр