Еуропалық одақ қытайлық электронды сауда алаңына қатысты тергеуді бастады

Сурет: unsplash
Еуропалық комиссия Қытайдың Temu электронды сауда алаңына қатысты тергеуді бастады. Сауда алаңына еуропалық нарықта заңсыз өнімді сатумен байланысты цифрлық қызметтер туралы заң тармақтарын бұзған болуы мүмкін деген күдік келтіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еурокомиссия PDD Holdings-ке тиесілі платформа технологиялық компанияларды реттейтін жаңа цифрлық қызметтер туралы заңды (DSA) бұзуда деп алаңдаушылық білдіреді 

Temu-ға қатысты тергеуді қолға алуға түрткі заңсыз тауарларға мыналар жатады:

The Guardian жалған өнімдерді, фармацевтикалық препараттар, косметикалық заттар мен ойыншықтар сатылымына қатысты бүкіл Еуропаның, әсіресе Германия, Дания және Ирландияның тиісті органдары алаңдаушылық білдіріп отырғандарын жазды. 

Егер Еурокомиссияның күдігі расталса, онда компанияға ірі көлемде айыппұл салынады. ЕО-дан Temu-ға 75 миллион адам тіркелген, қыркүйекте оған жазылушылардың саны 92 миллионға дейін өсті.

Қытай
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды