Қытайлық шаруа жолбарыстың шабуылынан жан сауғалап қалған

Сурет: pixabay
Сібір жолбарысы Қытайдағы шаруа қожалығы аумағына кіріп, фермерге шабуыл жасаған. Ол қақпаны әрең жауып, қашып үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hindustan Times газетінің ақпаратынша, бұл жайт жергілікті тұрғындардың зәресін алды

Шабуылдан кейін жарақаттанған сол қолын емдеу үшін 65 жастағы шаруа Чжао ауруханаға жатқызылды.

Фермер екі жолбарыстың еркін жүргенін айтты, дегенмен шенеуніктер олардың нақты санын растамады. Билік тұрғындарды жолбарыстарды көрген жағдайда бірден хабарлауға және малдарын қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырды.

Сурет: X/@ShanghaiEye

Ресми деректерге сүйенсек, Қытайда 70-ке жуық Сібір жолбарыстары бар.

2021 жылы елде Сібір жолбарыстары мен Қиыр Шығыс барыстарының мекендеу ортасын сақтау үшін Цзилинь және Хэйлунцзян провинцияларында 14 100 шаршы шақырымды қамтитын Солтүстік-Шығыс Қытай жолбарыстары мен барыстары ұлттық паркі құрылған болатын.

Бұған дейін Литвада жүк ұшағы тұрғын үйге құлап, өртеніп кеткені хабарланған болатын.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс