Жалақы қысқармайды, жұмыс уақыты азаяды: Бразилияда жұмыс кестесі өзгереді

Ноутбук, работа за ноутбуком, дистанционная работа, работа на ноутбуке, удаленная работа, фриланс, цифровые документы, интернет, сеть, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2026 11:44 Фото: pexels
Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва 19 қарашада бес күндік жұмыс аптасына көшу туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, қызметкерлер аптасына алты күн жұмыс істеп, бір күн демалатын 6×1 кестесінен біртіндеп бас тартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Rio Times басылымының жазуынша, реформа аясында заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы 44 сағаттан 40 сағатқа дейін қысқарады. Ал қызметкерлерге аптасына екі күн ақылы демалыс беріледі. Оның бірі мүмкіндігінше жексенбіге сәйкес келуі керек.

Өзгерістер екі кезеңмен енгізіледі. 2026 жылғы 16 желтоқсаннан бастап жұмыс уақыты аптасына 42 сағатқа дейін қысқарса, 2027 жылғы 16 желтоқсаннан бастап 40 сағат болады. Бұл ретте жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалақысын төмендетуге тыйым салынады.

Жарлықта үстеме жұмыс пен түнгі ауысым үшін төленетін ақы есептеу тәртібі де өзгертілген. Бірінші кезеңде қосымша жұмыс ақысын есептеуге арналған сағаттық коэффициент 220-дан 210 сағатқа дейін, кейін 200 сағатқа дейін төмендейді. Соның нәтижесінде жұмыс берушілер үшін қосымша жұмыс сағатының құны артады.

Реформада 12 сағат жұмыс істеп, 36 сағат демалуды көздейтін ауысымдық кестеге де жеке талаптар қарастырылған. Мұндай жұмыс режимінің нақты шарттары жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы ұжымдық келісімдер арқылы белгіленуі керек.

Алайда өзгерістерді жүзеге асыру мерзіміне қатысты сот дауы да туындаған. Жұмыс берушілердің ірі бірлестіктері жаңа кестеге көшу мерзіміне Бразилияның Федералдық жоғарғы сотында қарсылық білдіріп отыр. Судья Флавиу Дину әзірге реформаның бірінші кезеңін енгізу мерзімін, яғни 2026 жылғы 16 желтоқсанды өзгеріссіз қалдырды.

Егер тараптар 15 желтоқсанға дейін ұжымдық келісімге келмесе, жұмыс берушілер 42 сағаттық жұмыс аптасын бес күнге бөліп, бір күндік ауысым ұзақтығын 8 сағат 24 минутқа дейін арттыра алады. Бұл жағдайда қосымша 24 минут үстеме жұмыс болып есептелмейді.

Соттың түпкілікті шешімі әзірге қабылданған жоқ. Демек, Бразилияда жаңа жұмыс аптасына көшу жоспарланғанымен, реформаның жекелеген талаптары әлі де өзгеруі мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда 2027 жылдан бастап жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшері жарияланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: