Жұмыс уақыты қысқарған кезде жалақы сақтала ма

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 16:09 Фото: pixabay
2025 жылдың 25 шілдесінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және әлеуметтік әріптестік басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков кәсіпорында 4 күндік жұмыс аптасы енгізілсе не болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Шалқар Оразбеков Еңбек кодексі 2015 жылдан бастап жұмысшылар үшін 4 күндік жұмыс аптасын енгізуге рұқсат бергенін еске салды.

4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс күнін анықтаудың бірдей мүмкіндіктері еліміздің Әлеуметтік кодексінде белгіленген.

"Еңбекақыға келетін болсақ, өздеріңіз білетіндей, Еңбек кодексіне сәйкес, еңбекақы орындалған жұмыс көлеміне сәйкес төленеді. Тиісінше, аптадағы жұмыс күндерінің саны қысқарса, жалақы да осы қысқартуға пропорционалды түрде төленеді", – деп баса айтты спикер.

Оның айтуынша, егер жұмыс беруші жұмыс күндерінің қысқарғанына қарамастан 5 күндік жұмыс аптасына белгіленген жалақыны сақтаса, бұл заң бұзушылық болып саналмайды. Бұл, жалпы алғанда, Еңбек кодексіне қайшы келмейді.

2025 жылдың 25 шілдесінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатин қай өңірдегі жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақыны уақтылы төлемейтінін айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: