Францияда мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің қысқартылуына қарсы шеруге шықты

Скрет: unsplash
Франция астанасы Париж көшелеріне мыңдаған адам бюджетті қысқартуға қарсы шеруге шықты. Олардың арасында аурухана, мектеп қызметкерлері де бар.

Демонстранттар жаңадан жасақталатын үкіметтен мемлекеттік секторға инвестицияны көптеп бөлуді талап етті. Шеру елде саяси дағдарыс қызған шақта болып отыр. Бұған мемлекеттік бюджетке қатысты дау түрткі болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Дәлірек айтсақ салықтарды көбейту және шығындарды 60 миллиард еуроға қысқарту арқылы мемлекеттік дефицитті азайту көзделген еді. Бұл оппозиция тарапынан қолдау тапқан жоқ. Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялады. Премьер-министр Мишель Барнье президентке отставкаға кету туралы өтініш берді.

Соңғы мәліметтерге сай, Эммануэль Макрон бірнеше күнде жаңа премьерді тағайындайды. Оған дейін уақытша үкіметті Барнье басқарады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді